
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі А.Байдуллинаның қолдауымен Ақтөбе қаласындағы мектептердің бірінде буллингке ұшыраған оқушыны инклюзивті білім беруге көшіру шаралары қабылданды.
Баланың ата-анасы алғыс хатында атап өткендей, олардың отбасы ұзақ уақыт бойы мектептегі буллинг мәселесімен және инклюзивті білім беру жағдайларын қамтамасыз етуге байланысты қиындықтармен бетпе-бет келген. Оқушы психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы негізінде оқиды және педагог-ассистенттің сүйемелдеуімен қамтамасыз етілген.
Ата-анасының айтуынша, мектеп әкімшілігі буллингтің алдын алу және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру үшін жеткілікті шаралар қабылдамаған.
Хатта: «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілінің араласуының арқасында мәселені қарауға Ақтөбе қаласының білім басқармасы тартылып, баланың инклюзивті білім алуға құқығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Мектеп ортасындағы қауіпсіздік пен құқықтық қорғалуы мәселелеріне баса назар қойып, қақтығысты реттеу конструктивті деңгейге көтеріліп, бұл шиеленісті төмендетуге және мемлекеттік органдардың қатысуымен диалог орнатуға мүмкіндік берді», – делінген.