Ұлттық құқық қорғау орталығының басшылығы жаһандық акцияға қатысты

Ұлттық құқық қорғау орталығының басшылығы жаһандық акцияға қатысты

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Динара Таженова мен орталық басшысының орынбасары Сабыров Әнуар Ішкі істер министрлігі «Гендерлік зорлыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» жаһандық акциясы аясында ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысты.

Іс-шараға сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасарлары, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен ҮЕМ өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында гендерлік және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері, тұрмыстық зорлыққа байланысты қоғамдағы өзекті проблемалар, олардың тиімді шешім жолдарын анықтау, мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор арасындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелері талқыланды.