Қарағанды облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі А.Н.Тлешев тергеу-қамауға алынғандарды ұстау жағдайларын зерттеу мақсатында ҚР ҰҚК Қарағанды облысы бойынша тергеу изоляторына барды.
Сонымен қатар, жеке құрам арасында адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтары түсіндірілді. Уәкіл адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы заңнамалық новеллаларға және оларды қорғау мен қалпына келтірудің практикалық тетіктеріне кезекті түсініктеме берді.