2025 жылғы 7 қазанда Қарағанды облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі А.Н.Тлешев әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның отырысына қатысты. Күн тәртібінде: гендерлік теңдік саясатын іске асыру туралы, жастардың, оның ішінде мүгедектігі бар жастардың кәсіби және мансаптық өсуінің тең мүмкіндіктерін іске асыру үшін жағдайлар жасау туралы мәселелер көзделді, сондай-ақ отбасыларды қолдау орталықтары мен жастар денсаулық орталықтарының қызметіне мониторинг қорытындысы шығарылды.
Отырыс қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді, уәкілетті органдарға тапсырмалар дайындалды.
Бұдан басқа, қатысушылар сотталған әйелдерді жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ олардың кейіннен әлеуметтік бейімделуіне және босатылғаннан кейін жұмысқа орналасуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды қарау мақсатында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысының қылмыстық-атқару жүйесінің № 32 әйелдер түзеу мекемесіне бару туралы ұсынысын қолдады. Сондай-ақ, уәкіл ұлттық алдын алу тетігі институты және ол туралы азаматтық қоғамның хабардарлығын арттыру қажеттілігі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сонымен бірге, уәкіл мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғушылықтар мен кемсітушілікке жол бермеу жөніндегі бірлескен жұмысты күшейтуге шақырды.