Жыл басынан бері Қазақстанда 46 мыңнан астам тұрмыстық агрессор жауапкершілікке тартылды – Омбудсмен

Жыл басынан бері Қазақстанда 46 мыңнан астам тұрмыстық агрессор жауапкершілікке тартылды – Омбудсмен

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған бірқатар шаралар – құқық бұзушыларды жазалауқорғану ұйғарымдарын енгізужедел желі қызметі – белсенді түрде іске асырылудаБұл туралы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Женевада өткен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 59-сессиясы аясында ұйымдастырылған сайд-ивент барысында мәлімдеді.

2025 жылдың алғашқы бес айында құқық бұзушылық жасаған 46 283 адам жауапкершілікке тартылдыбұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға артық.

Өткен жылы жеңіл дене жарақатын салу және ұрып-соғу әрекеттері қайтадан қылмыстық жауапкершілікке тартылғаннан кейін, тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы адам өлтіру фактілері 34%-ға төмендеді. Сол кезеңде барлық адам өлтіру қылмыстарының жалпы саны тек 13%-ға азайған.

Бұл отбасылық ортада жасалатын адам өлтіру қылмыстарының саны еліміздегі жалпы адам өлтіру көрсеткішіне қарағанда үш есе жылдам азайып жатқанын білдіреді.

Отбасындағы ауыр дене жарақатын келтіру қылмыстары да 30%-ға жуық қысқарды, ал бұл қылмыстардың жалпы саны 15%-ға төмендеді.

Сол сияқты үрдіс орташа ауырлықтағы дене жарақатына қатысты да байқаладыбұл санаттағы қылмыстар ел бойынша 10%-ға, ал отбасылық қатынастар аясында 33%-ға азайған.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған шаралардың тиімділігін сенім телефоны арқылы тіркелетін өтініштер саны да дәлелдейдіҚазақстанда 2023 жылдан бастап «111» Бірыңғай жедел желісі жұмыс істейдіонда азаматтар тәулік бойы психологиялық және құқықтық көмек ала алады.

Жедел желіге келіп түсетін қоңыраулар мен өтініштер саны артып келеді: 2023 жылы – 316, 2024 жылы – 1 302, 2025 жылдың алғашқы 5 айында – 1 459. Бұл көрсеткіштер халықтың хабардарлығының артқанын және қолдау жүйесіне деген сенімнің өскенін көрсетеді.