Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылданған тыңдаушыларға арналған дәріс өтті.
«Адам құқықтарын қорғау саласындағы заманауи сын-қатерлер» тақырыбында дәріс оқыған – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілі.
Кездесу барысында қазіргі адам құқықтары жүйесінің алдында тұрған негізгі сын-қатерлер қарастырылды: цифрландыру, көші-қон үдерістері, климаттың өзгеруі, қауіпсіздік мәселелері және әлеуметтік теңсіздік.
Мемлекеттік қызметшілердің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі рөліне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ олардың күнделікті қызметінде құқықтық тәсілді қолданудың маңыздылығы атап өтілді.
Мұндай іс-шаралар — Уәкіл аппараты жүзеге асырып отырған құқықтық ағарту қызметінің маңызды бағыттарының бірі.