2025 жылға арналған Шоғырландырылған баяндаманы әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

2025 жылға арналған Шоғырландырылған баяндаманы әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кеңсесінде 2025 жылға арналған жабық мекемелерге алдын ала бару нәтижелері бойынша Шоғырландырылған баяндаманы әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Іс-шараға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур ЛастаевҮйлестіру кеңесінің хатшысы Раиса Шерсондай-ақ Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТқатысушыларының есептері негізінде баяндаманың бөлімдерін әзірлеуге жауапты Үйлестіру кеңесінің мүшелері қатысты.

Отырысты аша отырыпАртур Ластаев 2024 жылға арналған Шоғырландырылған баяндаманы сапалы дайындағаны үшін қатысушыларға алғыс білдіріпоның уақытылы әзірленіпжоғары деңгейде орындалғанын атап өтті.

Жыл сайынғы Шоғырландырылған баяндама Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесімен ҰАТ қатысушыларының есептері негізінде дайындаладыБаяндамада жабық мекемелерде ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жағдайларын жақсарту және азаптаудың алдын алу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға арналған ұсынымдарсондай-ақ заңнаманы жетілдіруге қатысты ұсыныстар қамтыладыБұл құжат құзыретті мемлекеттік органдарғасондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрлігі арқылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азаптауға қарсы комитетіне жолданады.

Отырыс барысында қатысушылар 2025 жылға арналған жаңа баяндаманы әзірлеу барысын талқылапағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс нәтижелерін ұсындыҰлттық алдын алу тетігінің мониторингтік топтары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінетергеу изоляторларынаІІМҚорғаныс министрлігіҰҚК-нің арнайы мекемелерінесондай-ақ денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдарына бардыБірінші тоқсан ішінде 100-ден астам мекемеге алдын ала бару жүргізіліполардың нәтижелері Шоғырландырылған баяндаманың негізіне айналмақ.

Баяндаманың мерзімінде дайындалуын қамтамасыз ету және оның талдамалық бөлігінің сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударылдыҚұжатты әзірлеу жұмысына үйлестіру жүргізіп отырған Раиса Шер жұмыс топтарының міндеттерінесондай-ақ баяндаманың ресімделуі мен мазмұнына қойылатын талаптарға да тоқталды.