ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша Өкілі Амангелді Абдолов Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Атырау облысы бойынша өкілдік жанындағы сараптамалық кеңес мүшесі, құқыққорғау органдарының ардагері Толыбай Шакировпен бірге бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, Атырау облысы полиция департаментінің №2 Атырау қалалық полиция бөліміне барды.
Амангелді Абдолов полиция ғимаратын, уақытша ұстау камераларының жай-күйін, серуендеу ауласын аралап, уақытша ұсталған азаматтардың болу шарттарымен танысты.
Барған кезде ұсталғандар болған жоқ. Атырау облысы полиция департаментінің №2 Атырау қалалық полиция бөлімінің кезекші бөлімше бастығы, полиция майоры Асхат Камиевтің айтуынша, қоғамдық тәртіпті бұзушылар кешке және түнде әкелінеді, және көп жағдайда бұл отбасылық-тұрмыстық сипаттағы құқық бұзушылықтар (жанұялы жан-жал, ішімдік ішу және т.б.).