26.03.2025
Атырау облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық Орталық өкілдігінің қызметкерлері ҰАТ мүшелері үшін уақытша оқшауланған адамдармен қарым-қатынас кезінде халықаралық нормаларды сақтау мәселелеріне арналған кезекті тренингке қатысты.
Бүгін вебинарға қатысушылар пенитенциарлық мекемелерді тексеруге қатысты Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық Орталықтың өңірлік өкілдіктері мен ҰАТ мүшелерінің қызметіндегі маңызды бағыттардың бірін қарастырды. Кезекті тренингтің тақырыбы "ҚР ІІМ ҚАЖК тергеу изоляторларының мониторинг ерекшеліктері" деп аталды. Оны адам құқықтары саласындағы сарапшы, "ZANGER" заң палатасының заң кеңесшісі, ҚР Мемлекеттік сатып алу мониторингі жөніндегі халықаралық жаттықтырушы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі Алмат Исмагулов өткізді.
Тренинг барысында Алмат Маратұлы қатысушылардың назарын тергеу-сотталғандарды ұстау жағдайларын зерттеу мақсатында ЖҚҚ-ға барған кезде нені ескеру қажет екендігіне аударды. Атап айтқанда, камераларды, ондағы желдету жүйесін, жылу температурасын, жарықтандыруды және санитарлық жағдайларды; медициналық персоналдың болуы және материалдық-техникалық жарақтандыру және медициналық көмек уақтылы көрсетілуіне аса көңіл бөлу керек. Әрине, ұсталғандарға ұсынылатын тағамның сапасы мен мөлшерін, сондай-ақ тамақ дайындау кезінде санитарлық нормалардың сақталуын тексеріледі.
Вебинар көтерілген тақырыптың өзектілігін ескере отырып, қатысушыларға пайдалы болағанын атап өту қажет.