
Ағымдағы жылдың 25 қыркүйек күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелі Абдоловтың Құрманғазы ауданына жоспарлы іс-сапары аудан әкімі Абат Жанғалиевпен кездесуінен басталды.
Әңгімелесу барысында жалпы Құрманғазы ауданының тыныс-тіршілігі, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, актуалды мәселелері талқыланды.