
Ағымдағы жылдың 24 қыркүйек күні ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдолов Атырау облысы әкімі жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысына қатысты.
Жиынға Атырау облысы Полиция департаментінің, Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының, Атырау облыстық прокуратурасының, ҚР Мемлекеттік Қызмт істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдері қатынасты.
Облыс әкім Болат Ақшолақовтың төрағалығымен өткен жиында негізінен төмендегі үш мәселе қаралды:
«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде халық арасында алкогольді өнімдерді тұтыну деңгейін төмендету және масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары және проблемалық мәселелер туралы»,
«Ойын -сауық мекемелердің қауіпсіздік деңгейі, алдын алу шаралары және проблемалық мәселелері туралы»
«Сыбайлас жемқорлыққа қары мәдениетті қалыптастыру бағыты бойынша білім беру және мәдениет салаларындағы мекемелердің жұмысына жүргізілген зерделеудің нәтижесі туралы».
Осы күн тәртібі бойынша құзырлы органдардың басшыларының баяндамалары тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.