ТАҒЫ ДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ

ТАҒЫ ДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ

А.ж. 14 тамызында Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық Орталықтың Атырау облысы бойынша өкілдік жанындағы Сараптама кеңесінің жоспарлы кезекті отырсы өтті. Жиын мүгедектігі бар адамдардың құқытарын қорғау және қолдау мәселесіне арналды.

Осы күн тәртібі аясында Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар басқармасына қарасты «№4 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КМК-де өткізілген мониторинг қорытындысы қаралды.

Бұл мәселені арнайы қарастыруға осы мекеменің қызметалушысы, 1 топ мүгедегі А.Чечин атты азаматтың әлеуметтік желілерде таралған мекемеде болып жатқан жағдайды баяндауы себепші болды.

Осыған орайда, СК-тің күн тәртібіне бұл мәселені шығармас бұрын, Адам құқықтары жөніндегі өкілеттік қызметкерлері Атырау облыстық және Атырау қалалық маслихаттары депутттарымен бірігіп, №4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып, мониторинг өткізіп, сол мекеменің ұжымымен және қызметалушылармен әңгімелесіп, ішкі ахуалды зерттеді.

Соның қорытындысымен таныстыру және жалпы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызмет көрсету сапасына қатысты мәселелерді Адам құқықтары жөніндегі Омбудсменнің аймақтық өкілі Амангелді Абдолов кезекті Сараптама кеңесінің отырысына шығаруды ұйғарды.

Талқылауға Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар бақармасының басшысы П.Хасанов, Атырау қаласында орналасқан арнайы мекеме басшылаары, СК мүшелері қатынасты.

Жиын кезінде мониторинг қорытындысы туралы анықтаманы кеңес мүшесі, Бала құқықтары жөніндегі Атырау облысындағы омбудсмен, Атырау қаласы маслихатының депутаты А.Сарсембаева таныстырды.

Содан соң, сөз №4 Арнаулы әлеуметті қызмет көрсету орталығының басшысы Қ.Ташиеваның баяндамасы тыңдалып, одан қойылған сұрақтарға жауап алынды. Оған қоса, АЖҚӘББ-ның басшысы П.Хасанов та жоғарыдағы мекемедегі қызметалушылардан түскен өтініштері бойынша түсініктеме берді.

Отырыс соңында А.Абдолов көтерілген мәселелерге қатысты №4 АӘҚКО басшылығына ұсынымдар жолданатындығы туралы айтты.

Бүгінгі таңда Орталықта 88 қызметалушы орналасқан.