
Ағымдағы жалдың 5 мамыр күні UTEBAYEV UNIVERSITY базасындағы Н.Балғымбаев орталығында Атырау облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия Отбасы және мәдени-адамгершілік секторының ұйымдастыруымен «Отбасы құндылығы: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында форум өтті.
Шараға Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдолов қатысып, баяндама жасады. Өз сөзінде ол Президент жарлығымен құрылған құқыққорғау институтының басты міндеттері болып табылатын адамның өмірі, оның құқығы мен бостандығының қорғалуына жаңа Конституцияда аса мән берілгеніне тоқталды.
Форум барысында жиналғандармен қоғамдағы отбасының рөлі, ұлттық құндылықтардың сабақтастығы, ұрпақ тәрбиесі сияқты өзекті мәселелер көтерілді.
Сонымен бірге, шара аясында «Әй-Керім» отбасы клубының ашылу салтанаты өтті.