ӨКІЛ ОБЛЫСТЫҚ АИТВ ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ

ӨКІЛ ОБЛЫСТЫҚ АИТВ ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ

Үстіміздегі жылдың 30 сәуірінде Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Омбудсменнің Атырау облысы бойынша өкіліАмангелді Абдолов Атырау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы қызметімен танысты.

✅1989 жылдың 30 қазанында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының «Облыс орталығында ЖИТС пен күрес орталығын құру туралы» №1461 бұйрығына сәйкес Атырауда да арнайы орталық ашылған. Орталық жұмысы 1990 жылдың қаңтарында облыстық қан орталығының жанында ЖИТС- зертханасы болып басталды.

✅2014 жылдың қыркүйегінде НКОК консорциум әулеметтік міндеттемелері бойынша ЖИТС орталығына заманға сай, арнайы ғимарат салып, эксплуатацияға берді. Бұл Қазақстандағы типтік үлгідегі алғашқы ғимарат. Нысан 3 қатарлы және цоколды қабаты бар. Ғимаратта барлық бөлімшелерге кабинеттер қарастырылған, орталықтың зертханасы кеңейтілді, штат толықтырылды.

✅Орталықтың жобалық қуаты тәулігіне 78 келушіге арналған.

✅Мұнда диагностикалық зертхана, эпидемиологиялық бөлім, емдеу-алдын алу бөлімі, ұйымдастыру-алдын алу бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлімі, ақпараттық, Достастық, жылжымалы және стационарлық сенім бекеттері кабинеті, қамсыздандыру бөлімі, психо-әлеуметтік кеңес кабинеті.

✅АИТВ орталығында 12 дәрігер. 20Орта буын медицина қызметкерлері жұмыс жасауда. Жалпы Орталықта барлық жұмыс жасайтындар саны – 75. Жұмыс жасайтын мүгедектер – 3.

✅Материалдық-техникалық базасын құрайтын халықаралық аккредитациядан өткен заманауи зертхана, автономды жылу қазаны, резервтік генератор стансасы, 3 автотранспортқа арналған 3 бокс, тренажерлық залы, 23 дана бейнекамера - бәрі жұмыс жасап тұр.

Орталыққа мониторинг жүргізуге Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық Орталықтың Атыврау облысы бойынша өкілдік жанындағы Сараптама кеңесінің мүшесі Ания Тулешева қатысты.