ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТУДА

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТУДА

Жылыой ауданына іс-сапары аясында Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жұмысына мониторинг жүргізді.

Бұл әлеуметтік нысан 2024 жылдың 4 сәуірде ашылып, жұмыс жасауда.

Орталықтың негізі мақсаты- зейнеткерлік жастағы адамдарды белсенді мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге әлеуметтендіру, олардың физикалық және психикалық денсаулығының ұзақтығын арттыру болып табылады.

Қазіргі таңда, орталыққа 355 жуық зейнеткерлер тіркелген. Қызметалушыларға арналған және олардың қатысуымен 2025 жылы мұнда 92 ісшара 2026 жылы 16 іс-шара өткен екен.

Мониторинг кезінде Амангелді Абдолов және Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық Орталықтың Атырау облысы бойынша өкілдігінің Сараптама кеңесінің мүшелері Гүлзинеп Дюсупова мен Роман Максотов Орталықтың жалпы жағдайымен танысып, қызмет алушыларға көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын анықтады.