
23 сәуірде Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдолов Уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар комиссиясының Атырау облысынан мүшесі, Атырау облыстық жастар маслихаты депутаты Мадина Еркіновамен кездесті.
Кездесу барысында 2026 жылға арналған өңір жастырына арналған құқықтық-мәдени- ағартушылық бағыттағы көпшіілік шаралар жоспары талқыланды.
Сонымен бірге, жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттерінің, жастар ұйымдары өкілдерінің облыстың саяси-қоғамдық өміріне белсенділігін арттыруға арналған қадамдары талқыланды.
Биылдың өзінде Мадина Еркіновамен өзі жұмыс жасайтын Атырау университеті студентерімен бірнеге тағылымдық, құқықтық-ағартушылық шаралар ұйымдастырылған болатын.
Әсіресе өңір жастары жақында өткен «ТМД елдеріндегі адам құқықтары және денсаулық апталығы» атты мемлекетаралық акциясына белсенді түрде қатынасты. Шара аясында олар салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған дұрыс тамақтану, Таза бейсенбі, «Дені сау адамның – рухы да сау» атты флеш-моб өткізді.
Жалпы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Омбудсмен жанынан 2025 жылдың маусым айында құрылған «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссия – жастардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, олардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуына бағытталған консультативтік-кеңесші орган.
Құрамы18 бен 35 жас аралығындағы 50-ден астам адамнан тұрады. Комиссия мүшелері қоғамдық негізде жұмыс істейді, отырыстары жылына кемінде екі рет, гибридті форматта өткізіледі.
Негізгі мақсаттары мен міндеттеріне келсек. Олар: жастар құқықтарын қорғау, құқықтық ағарту және олардың құқықтарының сақталуын мониторингтеу және заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.