
Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдолов пен Уәкіл жанындағы “Еркіндік руһы” Жастар комиссиясының Атырау облысындағы мүшесі Мадиеа Еркінова 2025 жылы Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мен оның өңірдегі өкілі және Жастар комиссиясымен атқарылған жұмыстарына арналған Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз конференция берді.
✅ Былтыр Атырау облысындағы адам құқықтары жөніндегі өкілге 150 өтініш түскен
✅ Оның айтуынша, өңір бойынша түскен өтініштердің едәуір бөлігі түзеу мекемелерінен келіп түседі.
- Жалпы өтініштердің шамамен 45 пайызы түзеу мекемелерінен түскен. Бұл бағытта сотталған азаматтардың құқықтарын қорғау, олардың тұрмыс жағдайы мен медициналық қызметке қолжетімділігі тұрақты бақылауда. Айта кету керек, өңір бойынша қылмыстық іс қозғау фактілері тіркелген жоқ, – деді өкіл.
✅ Сонымен қатар республика бойынша өтініштерді қарау нәтижесінде 71 тұлға тәртіптік, 5 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 қылмыстық іс тіркелген. Уәкілетті органдарға 150 ұсыным жолданған.
✅ Брифинг барысында жастардың құқықтарын қорғау бағытындағы жаңа бастамалар да сөз болды.
✅ Атап айтқанда, 2025 жылдың маусым айында ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің бастамасымен «Еркіндік рухы» жастар комиссиясы құрылған.
Бұл туралы комиссия мүшесі Мадина Еркінова атап өтті.
✅ • «Еркіндік рухы» комиссиясы – жастардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған консультативтік-кеңесші орган. Оның негізгі мақсаты - жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық қорғау қызметіне тарту және өзекті мәселелер бойынша диалог алаңын қалыптастыру. Комиссия құрамына еліміздің әр өңірінен 18 бен 35 жас аралығындағы 45 белсенді жас кірді, - деді ол.