
31.03.2026
Бүгін Адам құқықтары жөніндегі Атырау өкілдігі жанындағы Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібімен кеңес мүшелері мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғалуына қатысты мәселе талқылады.
Атырау облыстық еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар басқарма басшысының орынбасары А.Турегариева өңірде мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін арнайы қызметтер мен шаралар туралы баяндама жасады.
Содан соң сарапшылар сұрақ-жауапқа көшіп, өз ұсынымдарын ортаға салды.
Жиында көтерілген мәселелер бойынша ұсынымдар берілетін болады.