ЖАБЫҚ МЕКЕМЕДЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

ЖАБЫҚ МЕКЕМЕДЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

31.03.2026

 Атырау қаласында орналасқан ІІМ ҚАЖДне қарасты  #75  мемлекеттік мекемеге (СИЗО) Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өңірдегі өкілі Амангелді Абдолов және Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық Орталықтың Атырау облысы бойынша өкілдік жанындағы Сараптама кеңесінің мүшелері Роман Максотов, Әния Тулешева мониторинг жүргізді.

Олар  мекеме ғимараттарын, асхана, медициналық бөлімшелерін, аралап, қамауда жатқандардың камералары мен жағдайларын қарап шықты.

Сонымен қатар, Амангелді Абдолов тергеу изоляторының басшысымен бірге колонияда отырғандар үшін жеке қабылдау өткізді.