
30.03.2026
Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі А.Абдолов Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалығымен өткен Нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық штабтың кезекті отырысына қатысты.. Жиында аймақтағы есірткі қылмысына қарсы күрес жұмыстары қорытындыланып, басым бағыттар белгіленді.
Отырыста есірткі тасымалдау және контрабанда арналарын анықтау, оларды саттыққа шығаратын интернет-ресурстарды бақылау, есірткі бизнесімен айналысатын қылмыстық топтарды әшкерелеу шаралары да талқыланды.
Жиынды қорытындылаған Жасұлан Бисембиев алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізудің маңызын атап көрсетіп, есірткіге қарсы күрестің нақты нәтижеге бағытталуы керегін айтты.