
6.03.2026
Бұл шараға Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдолов қатысты.
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің тқрағалығымен өткен жиында елде жүргізіліп жатқан конституциялық реформа және 2026 жылғы 15 наурызға жоспарланған жалпыхалықтық референдум өзек болды.
Аймақ басшысы кіріспе сөзінде Қазақстан өзінің даму жолында бетбұрысты кезеңді бастан өткеріп жатқанын атап айтты.
Жиын барысында спикерлер сөз сөйлеп, әрқайсысы реформаны өзінің кәсіби және өмірлік тәжірибесіне сүйене саралады.
Барлық баяндаманың ортақ түйіні — адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін қызмет етуі тиіс. Бұл — жаңа Ата заң жобасын айқындайтын басты қағида. Спикерлер басты құжаттың маңызды жаңалықтарына тоқталды.
Кездесуге әртүрлі салада қызмет ететін 100-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында облыс әкімдігі басшылығы мен әкім орынбасарлары, қала және аудандық мәслихат төрағалары, облыстық және аудандық ардагерлер кеңестерінің өкілдері, білім және мәдениет саласының, қоғамдық ұйымдардың да өкілдері қатынасты.