
2.03.2026.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдолов және Уәкіл жанындағы “Еркіндік рухы” Жастар комиссиясынын Атырау облысынан мүшесі Мадина Еркинова Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің Атырау облысына сапары аясында облыстық Махамбет атындағы қазақ драма театрында өткен жұртшылық өкілдерімен ашық диалогқа қатысты.
Кездесу кезінде Мадина Еркинова сөз алып, мінбеден жас ұстаз ретінде жаңа Конституция жобасындағы адам капиталына қатысты пікірін білдіре отырып, елдің жарқын болашағы жалынды жастардың қолында екеніне сенімді екенін жеткізді.