
Адам құқықтары жөніндегі Омбудсменнің өңірлік өкілі Амангелді Абдолов Теңіз қалашығындағы полиция бөлімінің қызметімен танысты.
Теңіз вахташылар қалашығы Құлсары қаласынан 90 шақырым жерде орналасқан.
Бөлімше басшысы, полиция подполковнигі Бағытжан Абиловтың айиуынша, Теңіз полиция бөлімшесінің штаттық саны—41, қәзіргі таңда бос орын саны—10. Учаскелік полиция инспекторы—5 , патрульдік полиция взвод инспекторлары—16, кезекші инспектор—2.
Барлық қызметкер видео жетонмен қамтылған.
Теңіз ПБ-нің ғимараты Теңіз вахташылар қалашығында 7 ші кварталда орналасқан, қызметтік бөлмелер саны—8. Барлық бөлмелерге, коридорлар, кіріс-шығыстар есіктері, ғимараттың сырты барлығына 36 дана бейне бақылау орнатылған. Қызметтік автокөлік саны—6.
Жалаы Теңіз аумағында мекеме саны 500 ге жуық, ал бір вахтадағы халық саны шамамен 15 мыңды құрайды. .
Амангелді Абдолов ғимаратты аралап, полиция бөлімінің материалдық қамтылуын қарап шықты.