ӨКІЛ ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

ӨКІЛ ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің  Атырау облысы бойынша өкілі Мақат аудандық жұмыспен қамту және Әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты

«Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен кездесті.

✅ Мекеме штаты 10 бірліктен тұрады.  Мұнда басшылықтан өзге, консультациялар беру және кешенді сүйемелдеу бөлімі, психолог, заңгер, кейс менеджер, әлеуметтік қызметкер, мемлекеттік сатып алу менеджері,  бас бухгалтер, еден жуушы жұмыс жасайды.

✅ Орталықтың негізгі мақсаттары мен міндеттері: мемелекет отбасы саясатының шараларын іске асыру; өмірде қиын жағдайларға тап болған адамдарға әлеуметтік, заңдық және психологиялық жәрдемдесу, тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға уақытша тұру мүмкіндігін беру арқылы қолдау көрсетуге және мемлекеттік отбасы саясатынфң бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.

✅ 2025 жылдың тек 7 айында қиын жағдайға түскен 19 отбасына қолдау көрсетілген екен. 

✅ Ал былтыр наурыз айынан бастап орталық өз қызметін FSM SOCIAL жүйесі арқылы жүзеге асырып отыр, яғни цифрлық процессіне көшті. Қазіргі таңда жүйеге 120 жуық тапсырмалар енгізілді.