МАХАМБЕТ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНДЕ

МАХАМБЕТ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНДЕ

✅ Махамбет ауданында бүгінгі күнде 29 мыңға жуық халық тұрады. Әкімшілік бөлінісі: 9 ауылдық округ, 21 елді мекен.

✅ Жалпы Махамбет ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін Атырау полиция департаменті Махамбет аудандық полиция бөліміне Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдолов мониторинг жасады. Сонымен бірге мониторингке Махамбет аудан әкімі Қайрат Нурбаев қатынасты.  Аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Нұрболат Әлекесов полиция қызметін жақсы жолға қойғандығы ғимаратқа кірген бойда бірден көзге түседі.

    ✅ Айта кету керек, ғимарат 1967 жылы тұрғызылған,   2 қабатты.  Соңғы күрделі жөндеу жұмысы -  2004 жылы жасалған. Махамбет ПБ құрылымы –  93 бірлікті, оның – 71 орта-басшы құрам (офицер) және 22 бірлігі қатардағы (сержант) құрайды.

Мұнда кезекші бөлім, Уақытша ұстау камерасы, артехқару-жарақ қоймасы бар, сонымен қатар 41 бейнебақылау камералар қамтылған. 

 ✅ Уақытша ұстау изоляторының штаттық бірлігі – 12. Уақытша ұстау изоляторының бастығы – 1, уақытша ұстау изоляторының полицейі – 7, айдауыл полицейі – 2. Бос орын – 2. Бала күтімінде – 1 қызметкер. Ерікті жұмысшылардан 1 фельдшер - 1 (жарты бірлік), тазалықшы – 1 (толық бірлік) жқмыс жасайды.

 Махамбет ауданы ПБ уақытша ұстау оқшаулауғышы бөлім ғимаратының бірінші қабатында орналасқан.

  Қылмыс жасады деген күдікпен ұсталатын тұлғаларға арналған 3 камера,  оның ішінде жалпы 4-орындық 1  камера,  жұқпалы ауруларды ұстау 2-орындық камера – 1,әйелдерге арналған камера – 1 (2 орын). Бұдан басқа уақытша ұстау изоляторында серуендеу ауласы, тергеу кабинеті, тұрмыстық бөлме, медицина қызметкерінің бөлмесі, шлюз бар, әрбір палатада санитарлық узел және қол жуғыш орнатылып, канализация жасақталған.

 Сондай-ақ уақытша ұстау изоляторы автоматты дабыл қаққыш пультімен, өртке қарсы қауіпсіздік дабыл қаққышымен, өртке қарсы инвентарьмен, коридор, серуендеу ауласына, шлюзге, тергеу кабинетіне және барлық палаталар ішіне бейне-бақылау камералары орнатылған және барлығы жұмыс жасап тұрған күйде.    

 Уақытша ұстау изоляторына қарасты сот қаулысымен әкімшілік қамауға алынғандарды қамауда ұстау үшін 2 камера қарастырылған, онда 8 жатын орны бар.

  Бейне бақылау камералар саны – 15. Асхана мен жуыну бөлмесінен басқа  аймақтар қамтылған.  Кеудебейне жетон саны – 1.

✅ Сонымен қатар, Амангелді  Абдолов бірқатар учаскелік бекеттерді аралап шықты. Махамбет аудандық полиция бөлімі құрамына 10 учаскелік полиция бекеті кіреді. Соның ішінде Махамбет ауылдық округі №2 УПП, Ақтоғай ауылдық округі №8 УПП, Сарайшық ауылдық округі №6 УПП, Есбол ауылдық округі №15 УПП, Алға ауылдық округі №16 УПП.