ДОССОР ПОСЕЛКЕСІНДЕГІ ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ

ДОССОР ПОСЕЛКЕСІНДЕГІ ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша Өкілі Амангелді Абдолов Мақат ауданының полиция бөлімі Доссор полиция бөлімшесі №3 учаскелік полиция пунктінің қызметімен танысты.

Жалпы Доссор полиция бөлімшесінің штатында 18 полиция қызметкері бар. Оның ішінде 8 – учаскелік инспектор. Бөлім материалдық-техникалық жағынан толық қамтылғанымен, бірақ полиция әбден тозығы жеткен, өткен ғасырдың 60-шы жалдары салынған ғимаратта орналасқан екен. Сондықтан мұнда қарапайым қажеттіліктерге арналған (жуынатын, дәретхана) орындар жоқ.

№3 УПП-на қарасты аумақта 13 мыңнан астам халық тұрады. Мұнда 5 мектеп, 5 балабқша, 1 коледж орналасқан.

Пробация есебінде 21 тұлға тұрады, қолайсыз отбасынан  6  тұлға, бұрынғы сотталғандардан 3 тұлға бар. Жасөспірімдер жоқ.