ӨКІЛ МАҚАТ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

ӨКІЛ МАҚАТ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Омбудсменнің Атырау облысы бойынша өкілі Мақат ауданында болып қайтты. Іс-сапардың негізгі мақсаты – Мақат аудандық полиция бөлімінің қызметімен танысу.

Амангелді Абдолов Мақат поселкесінде орналасқан полиция бөлімінің ғимаратын қарап, полицияның жеке құрамының тыныс-тіршілігімен танысты. 

Макат АПБ басшысы, полиция подполковнигі Дулат Садыков берген мәлеметте, ғимаратта орналасқан Уақытша ұстау изоляторында (ИВС) сыйымдылығы 12 орынға арналған 3 қамау камера,  асхана, медицина қызметкерінің кабинеті, шлюз, шомылу бөлмесі, қойма, кезекшілік бөлмесі қарастырылған.  Өкіл барған кезде ИВСта бір әйел адам қамауда отырды.

Жалпы штат бойынша мұнда 9 полиция қызметкері жұмыс жасайды. Кездесу барысында бөлімнің проблемалары да айтылды.

Сонымен қатар өкіл осы  аудандық полиция бөлімінде орналасқан №1 учаскелік полиция бекетінің қызметімен танысты.

Кездесу соңында А.Абдолов қажетті ұсынымдар берді.