
Үстіміздегі жылдың 11 қаңтарында Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдолов облыстық ардагерлер кеңесінің жиналысына қатысты.
Сондай-ақ жиынға ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты, Республикалық Ардагерлер ұйымы қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмухамбетов қатынасты.
Отырыс кезінде Кеңестің 2025 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы қаралып, 2026 жылда алда тұрған міндеттер талқыланды.
Сонымен қатар, Әжелер кеңесімен өткізілген іс-шаралары да тыңдалды.
Сол күні түсқайта Амангелді Абдолов Атырау облысы Билер кеңесінің отырысына қатысты.