
Үстіміздегі жылдың 28 қараша күні Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық Орталықтың Атырау облысы бойынша өкілідігі жанындағы Сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Кеңес жұмысын Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдолов ашты. Отырысқа Эксперттік кеңес мүшелері, Атырау облысы білім басқармасы, Атырау облысы құрылыс, саулет-құрылыс басқармасы, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, Махамбет ауданы әкімі, Махамбет аудандқ білім бөлімі және мердігер мекеменің өкілдері қатынасты.
Күн тәртібімен Махамбет ауданы Ақ Жайық ауылдық округінегі «Қызыл үй» орта мектебінің апатты жағдайдға байланысты жабылуынан туындаған келеңсіздіктер туралы мәселе қаралды.
Бүгінгі таңда Ақ Жайық ауылдық округында 1200 адам тіркелген. Қызыл үй орта мектебінде 241 оқүшы тәлім-білім алуға тиіс еді. Бірақ ағымдағы жылдың маусым айында мектеп апатты деп танылып, күрделі жөндеуге қойылған болатын. Сол себептен мектепке барған бірінші сынып бүлдіршіндеріне алғашқы қоңырау соғылмады.
Тапсырушы беруші мен бас мердігер арасындағы келісім-шарт бойынша жөндеу жұмысы аяқталу мерзімі 27 қазан айында бекітілген. Жұмыстың жалпы сомасы 761 млн тенге, оның қазірде 486 млн төленген, қалған 275 млн тенге нысанның қабылдануымен жабылады.
Құрылыс жұмыстары бітпегендіктен барлық балалар, соның 1 сынып оқушылары 2 кыркуйектен бастап мектеп қабырғасында емес, уйлерінде онлайн-форматта білім алуда. Осындай жағдайда ұйымдастырылған оқу процесінің қаншалықты қолайсыз екенін айтпаса да түсінікті.
Отырыс кезінде тапсырыс беруші – Атырау облыстық білім басқармасының басшысы Марат Абуов, Махамбет ауданы әкімі орынбасары мен аудандық білім бөлімі басшысы баяндама жасады. Сондай-ақ Бас мердігердің өкілінің жөндеу жұмыстардың дер кезінде аяқталмай отырған себептері тыңдалды.
Кеңесте Омбудсменнің өкілі Амангелді Абдолов Қызыл үй орта мектебінде қалыптасқан жағдай балалардың құқығы бұзылғандығын айта отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілденген адамның білім алу қағидаттары мүлтіксіз орындалуы қажеттігін ескертті.
Отырыс соңында кеңес қарастырылған мәселе бойынша өз ұсынымдарын берді.