
20.10.2025ж. күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің “Экономика және құқық” факультетінің “Медиация орталығы” және “Жаңару“ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалыс” РҚБ Атырау облысы филиалының ұйымдастыруымен Ашық есік күні өтті.
Іс-шараға "Халықаралық медиация орталығы" РҚБ Атырау облысындағы, медиаторы Асабаева Жаннат Вахитқызы, "Халықаралық құқық қорғау орталығының" медиаторы Кожахметов Нуржан Кожахметович, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ Этномедиация орталығының сарапшысы Гүлнафис Ерсайнқызы Жармұханбетова, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Атырау облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Төлегенова Сәуле Баянғалиқызы, сонымен қатар “Экономика және құқық” факультетінің “Медиация орталығы” медиаторлары Лукманова Нұргүл Аймұратқызы, Идрисова Тамара Аманжолқызы және “Жаңару“ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалыс” РҚБ Атырау облысы филиалының жауапты маманы Мұхамбетова Гүлсім Серікқызы, “Қылмыстық- құқықтық пәндер” кафедрасының сеньор-лекторы Тажгарина Бэла Қанатқалиқызы және Медиация орталығының волонтерлары қатысты.
Қабылдауға келген азаматтарға татуластыру рәсімдері түсіндірілді, медиация арқылы дауларын шешу жолдары және басқа сұрақтары бойынша құқықтық кеңестер берілді.