
2025 жылдың 14 қазанда Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Атырау облысы бойынша өкілдігі Атырау қаласының полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына барды. Қызметкерлердің қызметін жүзеге асыру жағдайларына, бейнебақылау камераларымен жабдықталуына мониторинг жүргізілді.
Іс-шара шеңберінде Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институты қызметінің негізгі бағыттары бойынша түсініктемелер берілді, тергеу және анықтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру кезінде адам құқықтарының бұзылуына, оның ішінде Азаптауларға, ар-намысты қорлайтын өзге де қатыгездік түрлеріне жол бермеу мәселелері талқыланды.
Мониторинг нәтижелері бойынша жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында тиісті ұсынымдар жолданатын болады.