ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ

Үстіміздегі жылдың 29 қазан күні Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың Атырау облысы бойынша өкілдігі  Атырау облыстық білім басқармасымен бірлесіп Атырау Жоғары Көп сапалы " Болашақ" Колледж студенттерімен құқықтвқ сағат жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, олардың өз құқықтары мен бостандықтарын білу деңгейін арттыру және құқықтық сауаттылықты дамыту.

Кездесу барысында адам құқықтарының қоғамдағы рөлі мен маңызы, оларды қорғау және сақтау жолдары туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар, қатысушылар заң саласына қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, толық әрі нақты жауаптар алды.

Мұндай іс-шаралар студенттердің құқықтық көзқарасын кеңейтіп қана қоймай, олардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

Бұл кездесу жастар үшін пайдалы әрі мәнді тәжірибе және болашақта құқықтық сауаттылықты одан әрі дамытуға бағытталады.