
2025 жылғы 1 қазанда Атырау мемлекеттік мүлік жіне жекещенлендіру департаментінің ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп кеңес төрағасы Нурлан Еркебаевпен мемлекеттік қызметшілерге құқықтық оқыту өткізілді.
Бұл шараға ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдолов, ҚР Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы Еролан Есенов, ҚР Атомдық және энергетикалық қадағалау ме бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аймақтық департаментінің басшысы Айдос Смайл, Су ресурстарын пайдалну, реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейіндік испекциясы қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі туралы және ҚР Президентінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына түсіндірме берілді.
Сонымен қатар, кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің тарапынан қойылған сұрақтарға заңнама аясында жауаптар беріліп, айтылған ұсыныстары жинақталып, назарға алынды.