
4 қазан күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдолов ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігінің Атырау облысы департаменті ұжымымен жоспарлы құқықтық сағат өткізді.
Департамент басшысы Нурлан Еркебаевтың төрағалығымен өткен кездесуде өкіл тарапынан құқықтық кеңестер мен түсіндірмелер беріліп, пікір алмасулар болды.
Кездесу барысында Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институтының мемлекеттік жүйедегі орны мен құқықтық нормаларына ерекше назар аударылды.
Бұл ретте Омбудсменнің қызметінің негізгі қағидаттары «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы» ҚР Конституциялық Заңымен реттелген.
Сонымен қатар Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің аумақтардағы өкілдері өз қызметінде жергілікті деңгейде азаматтардың шағымдарын қарау, адам құқықтарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, халықпен құқықтық ағарту жұмыстарын жүргізу секілді функциялар атқарып, тәуелсіздікті күшейтуге, превентивті тетіктерді дамытуға ден қояды.
Жалпы, омбудсмен – бұл әлемдік деңгейде адам құқықттарын қорғау және мемекет пен азаматтар арасындағы тепе-тендікті сақтау үшін маңызы зор институт болып табылады.
Осы ретте кездесуде Амангелді Абдолов Атырау өкілдігімен атқарылған жұмыстар, оның ішінде азаматтардың бұзылған құқытарын қалпына келтірудегі рөлі мен маңыздылығын атап өтті.