
Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық Орталықтың Атырау облысы бойынша өкілдік қызметкерлері Атырау қаласы №22 орта мектеп оқушыларымен кездесті.
«Тәуелсіз өмір» жастар қозғалысының ұйымдастыруымен және Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткен кезекті шара лудомания тақырыбына арналған болатын. Профилактикалық мақсатта өткен кездесуді осы қоғамдық ұйымның жетекшісі Назымгүл Қайсағалиева жүргізіп отырды.
Шараға шақырылған Адам құқықтары жөніндегі ҰО Атырау облысы бойынша өкілеттіктің қызметкері Сәуле Тулегенова өз сөзінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл, оның құзыреті мен міндеттерімен таныстырып, жалпы адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандығы мемлекетпен қорғалатынын атап өтті.
Кездесу барысында жиналған оқышулар мен мектеп ұжымына есірткінің ағзаға тигізер зияны мен лудоманияның қауіптілігі туралы бейнефильм көрсетілді.