Астана қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі өкіл Баян Жалмағанбетова «Астана қаласының филиалы “AMANAT” қоғамдық қабылдау бөлмесінің жетекшісі» Алимгазина Бағлан Ауғанбаевнамен бірге азаматтарды қабылдау өткізді. Қабылдау барысында азаматтар өздерінің құқықтары мен әлеуметтік мәселелері бойынша кеңес алды.
С. азаматқа Баян Жалмағанбетова құқықтық кеңес беріп, оның мәселесін шешуде қажетті қадамдар мен шаралар туралы түсініктеме берді. Бұл шара азаматтардың құқықтық және әлеуметтік қолдау алуына бағытталған маңызды қадам болды. Қабылдау барысында азаматтарға құқықтық көмектер көрсетіліп, олардың сұрақтарына жауаптар берілді. Сонымен қатар, түрлі әлеуметтік мәселелер бойынша кеңестер мен ұсыныстар айтылып, қажет болған жағдайда тиісті органдарға жолданды.
Бұл қабылдау іс-шарасы Астана қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі өкіл Баян Жалмағанбетова мен «Астана қаласының филиалы “AMANAT” қоғамдық қабылдау бөлмесінің жетекшісі» Алимгазина Бағлан Ауғанбаевнаның ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Мұндай қабылдаулар азаматтарға құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсетуге, олардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.