Астана қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі өкілі Баян Жалмағанбетова мен Астана қаласы Әділет департаментінің басшысы Арман Ақылбай Серікович азаматтарды қабылдады.
Астана қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі өкілі Баян Жалмағанбетова және Астана қаласы Әділет департаментінің басшысы Арман Ақылбай Серікович азаматтарды қабылдауды өткізіп, маңызды әлеуметтік және құқықтық мәселелерді талқылады.
Қабылдау барысында басты мәселелердің бірі ретінде зейнеткер М. ханымның әлеуметтік жағдайын ескере отырып, оның ай сайынғы қарызын төмендету сұрағы көтерілді. Мамандар қажетті көмек көрсетті: әйелге тегін мемлекеттік адвокат тағайындалып, құқықтық кеңес берілді және одан әрі әрекеттері бойынша ұсыныстар айтылды.
Сонымен қатар, қабылдау кезінде Астана қаласының Жұмыс күшін ұтқырлық орталығы арқылы жұмысқа орналасуға көмек ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы жұмыс азаматтар үшін еңбекке орналасу және әлеуметтік интеграциялау мүмкіндіктерін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Бұл шараның мақсаты — азаматтарға құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету, мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету және олардың өмірлік жағдайларын шешуге көмек көрсету. Бұл әрбір қала тұрғыны үшін қолжетімді әрі ашық көмек көрсету жүйесін құруға жасалған маңызды қадам.