Адам құқықтары жөніндегі өкіл Астана қаласындағы №2 балалар емханасына мониторинг жүргізді

Адам құқықтары жөніндегі өкіл Астана қаласындағы №2 балалар емханасына мониторинг жүргізді

     2025 жылғы шілде айында Адам құқықтары жөніндегі өкіл Баян Жалмағанбетова Астана қаласындағы №2 балалар емханасына мониторингтік іссапар жасады.

    Бұл сапар азаматтың медициналық мекеме әкімшілігіне жасаған ресми шағымы негізінде ұйымдастырылды.Мониторинг аясында емхананың директоры мен кездесу өтіп, шағымда көтерілген мәселелер егжей-тегжейлі қарастырылды. Атап айтқанда, аурухана әкімшілігінің азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасына қатысты әрекеттері мен шешімдері талданды.

    Мониторингтің негізгі мақсаты – медициналық мекемеге қатысты түскен шағымды тексеру ғана емес, сонымен қатар балалардың денсаулығын сақтау мен олардың құқықтарының сақталуына көз жеткізу болды. Бұл ретте Өкіл мекемеде медициналық қызметтердің сапасы, емдеу процесінің ашықтығы және ата-аналар тарапынан келіп түскен шағымдардың мазмұнына ерекше назар аударды. Адам құқықтары жөніндегі өкіл балалардың құқықтарын қорғау, денсаулығын қамтамасыз ету және азаматтардың уақтылы әрі сапалы медициналық көмек алуына байланысты мәселелерді ұдайы бақылауда ұстайтынын атап өтті.