Астанада Адам құқықтары жөніндегі өкіл азаматтарды жеке қабылдады

Астанада Адам құқықтары жөніндегі өкіл азаматтарды жеке қабылдады

Астанада Адам құқықтары жөніндегі өкіл азаматтарды жеке қабылдады

Астана қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі өкіл Баян Жалмағанбетова азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салды.

Атап айтқанда, азаматтардың бірі бала құқығына қатысты сот процесіне қатысу мәселесі бойынша жүгінді. Сонымен қатар екі азамат мүгедектікке байланысты туындаған құқықтық мәселелерін жеткізді.

Баян Жалмағанбетова әрбір өтініш иесін мұқият тыңдап, олардың мәселелерін шешу жолдарын түсіндіріп, қажетті құқықтық кеңес пен нақты ұсыныстар берді.

Мұндай қабылдаулар азаматтардың құқықтарын қорғауға және олардың мәселелерін уақтылы шешуге ықпал етеді.