Отбасылық агрессорлармен профилактикалық жұмыс

Отбасылық агрессорлармен профилактикалық жұмыс

Отбасындағызорлық-зомбылық көптегенелдердіңөзектімәселесіболыптаныладыжәнеҚазақстанРеспубликасындағыАдамқұқықтарыжөніндегіуәкілинститутыныңназарында тұр.Тұрмыстықзорлық-зомбылық адамқұқықтарынбұзуретіндеғанаемес, сондай-ақ отбасыныңдамуынакедергі келтіретін жәнеқоғамдыққұндылықтардыбұзатынфакторретінде де қабылданады.Сондықтан,,отбасылық-тұрмыстықзорлық-зомбылықпен күресудіңмаңыздыбағыттарыныңбірітұрмыстықзорлық-зомбылық құрбандарыменғанаемес, агрессорлардыңөздерімен де жұмыс істеу болып табылады.

       Осығанбайланысты,Адамқұқықтарыжөніндегіуәкілдің Ақмола облысы бойынша өкіліГүлнарЖанбековаАқмолаоблысыПолициядепартаментініңқызметкерлерімен, Адамқұқықтарыжөніндегіуәкілдің Ақмола облысы бойынша өкіліжанындағыСараптамалықкеңестіңмүшесімен, АқмолаоблысыбойыншаҰАТбасшысы,психологтармен,медиаторларменжәне«Құқық» ҚҚ-мен бірлесіп КөкшетауқаласыПолициябасқармасыныңқабылдаушы-бөлушісінебарды.

     Сапар барысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған агрессорлармен профилактикалық әңгіме жүргізілді және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуді реттейтін қолданыстағы заңнамаға түсініктемелер берілді.