Құқық бұзушылықты алдын алу - қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңызды элементі

Құқық бұзушылықты алдын алу - қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңызды элементі

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Гүлнар Жанбекова облыс Полиция департаменті ұйымдастырған кеңейтілген ведомствоаралық кеңеске қатысты. Іс-шара аясында жұртшылық өкілдері мен құқық қорғаушылар Ақмола өңірі тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру жөніндегі бірлескен жұмысты талқылады.

Биыл елімізде алғаш рет полицияның бастамасымен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қолдауымен барлық деңгейдегі әкімдіктерде құқық бұзушылықтарды алдын алу мәселелерінде құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау бойынша әкімдердің кеңесшілері лауазымдары енгізілді. Жаңадан тағайындалған лауазымды тұлғалардың міндеттеріне комиссия отырыстарын ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді шешу, жұртшылық кеңестерімен өзара іс-қимыл жасау, құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын зерделеу және жедел ахуалды мониторингілеу кіреді.

Бүгінгі таңда өңірде 138 Қоғамдық кеңес құрылды, оның құрамына 840 беделді ауыл тұрғындары кірді. Жергілікті жерлерде учаскелік полиция инспекторларымен бірге ақсақалдар дебоширлермен, есепте тұрған адамдармен, жастармен тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Қоғамдық кеңестері алкоголь өнімін сатудан толық бас тарту бөлігінде дара кәсіпкерлермен жұмыс жүргізді. Бұл 30 елді мекенде алкогольді сатудан толығымен бас тартуға ықпал етіп, бұл қылмыстық жағдайға айтарлықтай әсер етті. Сонымен қатар соңғы 2 жылда облыстың 98 елді мекенінде бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ.

Жұмыс кездесуі аясында Ақмола облысы бойынша Омбудсмен өкілі Гүлнар Жанбекова халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық қоғаммен тығыз қарым-қатынаста құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша жұмысты күшейту мәселелері бойынша өз ұсыныстарын айтты.