Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегіуәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің алғашқы кеңейтілген көшпелі отырысы өтті. Жиынбарысында 2024 жылы жабық мекемелерде жүргізілген мониторинг нәтижелері негізінде әзірленген Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ)Жинақталған баяндамасының жобасы ұсынылды.
Отырысқа ҚР Бас прокуратурасының, Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Iшкi iстер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, сондай-ақжергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасының сарапшылары арнайы шақырылған қонақ ретінде қатысып, азаптаулардың алдын алу мен адам құқықтарын қорғау саласындағы тәжірибемен бөлісті.
Кеңес жұмысына қатысушыларға ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисінің басшысы міндетін атқарушы Юрий Фенопетов және Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасының қауіпсіздік жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Александр Холодов құттықтау сөз арнап, адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен күш біріктірудің маңыздылығынатап өтті.
Жиында жабық мекемелерде азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынастың алдын алу бойынша ҰАТ-тың қызметіне шолу жасалып, Жинақталған баяндаманың жобасы ұсынылды. Құжатта қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері, уақытшаұстау изоляторлары, арнайы оқу орындары мен медициналық ұйымдарға жасалған сапарлар қорытындыланған.
Авторлар өз баяндамасында анықталған өзекті мәселелерді, оң тәжірибелерді және адам құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіруге арналған нақты ұсыныстарды қамтыған. Негізгі назар ұсталушылардың жағдайына, медициналық көмектің қолжетімділігіне, білім алу және жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне, сондай-ақ халықаралық стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуге аударылды.
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев аталған құжаттың жоғары деңгейде дайындалғанын атап өтті.
«Үйлестіру кеңесі мен Ұлттық алдын алу тетігінің мүшелері қысқа мерзім ішінде ауқымды жұмыс атқарды. Әр детальге мән берілген. Баяндамада өзекті мәселелер жан-жақтықамтылған. Бұл құжат алдағы жұмыстыжүйелеуге, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды күшейтуге және адам құқықтарынқорғауды жетілдіруге негіз боларына сенімдімін», — деді Омбудсмен.
Талқылау қорытындысы бойынша ұсталушылардың жағдайын тәуелсіз бақылауды күшейту, арнайы мекемелер қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық бақылау тетіктерін дамыту және халықаралық серіктестікті кеңейту жөнінде бірқатар ұсыным жасалды.
Отырыс соңында марапаттау рәсімі өтті. Артур Ластаев ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы мен БҰҰ Даму бағдарламасының атынантанымал қазақстандық адвокат, Үйлестіру кеңесінің мүшесі Айман Омарованы адам құқықтарын қорғауға қосқан елеулі үлесі үшін марапаттады. 2024 жылы ол қамаудағы әйелдердің жағдайына тереңталдау жүргізіп, Мемлекет басшысына ұсынылған маңызды ұсыныстар топтамасын әзірледі.
Кеңейтілген отырыс БҰҰ Даму бағдарламасымен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисінің қолдауымен өтті.