Адам саудасына қарсы күрес әлемдік қоғамдастықтың күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып табылады

Адам саудасына қарсы күрес әлемдік қоғамдастықтың күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып табылады

Адам саудасына қарсы күрес әлемдік қоғамдастықтың күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып табылады. Мемлекет басшысы 2024 жылғы 5 шілдеде  «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесудің негізгі тәсілдері айқындалды, келесі халықаралық тәжірибе енгізілді: әріптестік, ескерту, қудалау және жәбірленушілерге көмек көрсету.

Адам саудасына байланысты жағдайларды болдырмау мақсатында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Ақмола облысы бойынша өкілдігі назарларыңызға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, Winrock International және Ақмола облысының прокуратурасы Қазақстан Республикасына келетін/кететін туристер, еңбек мигранттары, басқа да адамдар үшін дайындаған ақпараттық бюллетеньдерді ұсынады.