Өкілдің облыстық ЭТТД басшысымен жұмыс кеңесі

Өкілдің облыстық ЭТТД басшысымен жұмыс кеңесі

Облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қабырғасында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Динара Таженова жұмыс кеңесін өткізді.

Осы кеңес аясында екі ведомствоның адам құқықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимылының жартыжылдық қорытындысы шығарылды.

Департамент басшысы Дастан Бөкешев жауап алу кабинеттері заманауи бейнекамералармен жабдықталғанын, бұл "соқыр" аймақтарды толығымен жоққа шығаратынын айтты. Сонымен қатар, онлайн режимінде мүдделі тұлғалар өтіп жатқан тергеу әрекеттерін бақылай алады.

Өз кезегінде, өкіл Динара Таженова Департамент қызметкерлерінің экономикалық қылмыстар мәселелері бойынша азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюын, атап айтқанда қаржы пирамидаларына тартылуын атап өтті.

Жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша басшылар адам құқықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті. Сондай-ақ, қаржылық қауіпсіздік және адам құқықтарының бұзылуына жол бермеу бойынша алдын ала түсіндіру мақсатында халықпен кездесу үшін аудандарға бару жоспарланған.