Көкшетау университетінде Студенттік Парламенттің қорытынды отырысы өтті

Көкшетау университетінде Студенттік Парламенттің қорытынды отырысы өтті

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Студенттік Парламенттің қорытынды отырысы өтті. Жиынға Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Жастар істері жөніндегі комиссияның «Еркіндік рухы» өкілдері қатысты.
Отырыс барысында өткен оқу жылындағы жұмысқа қорытынды жасалып, Студенттік Парламентті Студенттік Құрылтай форматына көшіру туралы шешім қабылданды.
Студенттік Парламенттің төрайымы Тілеубай Мерей Досболқызы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Көмек Айдын Студенттік Құрылтайдың төрағасы болып сайланды.
Жаңа формат жастар бастамаларын, студенттік өзін-өзі басқаруды және жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын дамытуға бағытталған жұмыстың жалғасы болмақ. Бұл жұмыс еркіндік, жауапкершілік және азаматтық белсенділік құндылықтарына негізделеді.
Жаңа құрамға сәттілік, жаңа бастамалар мен жемісті жұмыс тілейміз!