
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Гүлнар Жанбекова және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік Рухы» Жастар құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі Аяулым Дарханбек Ақмола облысының белсенді, бастамашыл және табысты әйелдерінің басын қосқан AQMOLA WOMEN CONGRESS конгресіне қатысты.
Конгресс аясында әйелдердің өңірдің қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық өміріне қатысуын кеңейту, әйелдер бастамаларын қолдау, сондай-ақ көшбасшылық әлеует пен кәсіпкерлік белсенділікті дамыту мәселелері талқыланды.
Мұндай алаңдар әйелдердің қоғамдағы рөлін нығайтуға, тәжірибе алмасуға және өңірдің тұрақты дамуына бағытталған жаңа әлеуметтік бастамаларды ілгерілетуге септігін тигізетіні атап өтілді.
Іс-шараға қатысушылар әйелдердің өзін-өзі жүзеге асыруы үшін мүмкіндіктерді одан әрі кеңейтудің, сондай-ақ олардың қоғамдық процестерге белсенді қатысуы үшін жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің №1081 Жарлығының ережелері, сондай-ақ адалдық, жауапкершілік және қоғамға қызмет ету қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған «Адал азамат» тұжырымдамасының негізгі құндылықтары талқыланды.
Конгресс Ақмола облысында әйелдер көшбасшылығын қолдаудың жаңа тәсілдерін әзірлеу, пікір алмасу және ашық диалог үшін маңызды алаңға айналды.