Адам құқықтарын қорғау және заңдылық қағидаттары туралы: Ақмола облысы бойынша Омбудсмен өкілінің қатысуымен өткен семинар

Адам құқықтарын қорғау және заңдылық қағидаттары туралы: Ақмола облысы бойынша Омбудсмен өкілінің қатысуымен өткен семинар

Ақмола облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Гүлнара Джанбекова Абай Мырзахметов атындағы университет ұйымдастырған «Қоғамда заң мен тәртіпті қамтамасыз етудегі құқықтың рөлі» тақырыбындағы ғылыми семинарға қатысты. Кездесуге сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Жастар құқықтары жөніндегі комиссияның «Еркіндік рухы» жастар қанатының өкілі де қатысты.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 қарашадағы №1081 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары түсіндірілді. Адамның азаматтық және саяси құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау, азамат пен мемлекеттің өзара жауапкершілігі, сондай-ақ «Адал азамат» идеалдары аясында заңға бағынушылық, адалдық және адам құқықтарын құрметтеу қағидаттарына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар семинар аясында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың әртүрлі өмірлік жағдайлардағы құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға әйелдердің құқықтары, олардың бейбітшілікті, қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі мен қатысуы, сондай-ақ қақтығыстардың алдын алу және оларды реттеу үдерістеріндегі маңызы туралы ақпарат ұсынылды.
Осындай іс-шараларды өткізу қоғамның құқықтық мәдениетін нығайтуға және заң мен адам құқықтарын құрметтеуге негізделген тұрақты құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.