Көкшетау қаласындағы Жоғары медициналық колледжде «Салауатты әдеттер» тақырыбында лекция өтті

Көкшетау қаласындағы Жоғары медициналық колледжде «Салауатты әдеттер» тақырыбында лекция өтті

Көкшетау қаласындағы Жоғары медициналық колледжде студенттердің салауатты өмір салтының маңыздылығын және аурулардың алдын алу жолдарын кеңінен түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған «Салауатты әдеттер» тақырыбында лекция өтті.
Лекторы ретінде Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының өкілі және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Гулнара Жанбекова сөз сөйледі. Спикерлер салауатты әдеттерді қалыптастырудың негізгі қағидаттарын, физикалық белсенділіктің, дұрыс тамақтанудың, зиянды әдеттердің алдын алудың маңыздылығын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы адам құқықтарын сақтау мәселелерін талқылады.
Студенттер белсенді түрде қатысып, сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара жастардың құқықтық және медициналық сауаттылығын арттыруға, өз денсаулығы мен амандығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.
«Салауатты әдеттер» лекциясы Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде өткізілді: Мақсат 3 – Жақсы денсаулық және әл-ауқат, сондай-ақ Мақсат 16 – Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар.