
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Динара Таженова Еуропа Кеңесінің өкілі Конуль Гасимовамен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында тараптар жобалық іс-шаралардың іске асырылу барысын талқылап, қол жеткізілген нәтижелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді қарастырды.
Алдағы өзара іс-қимыл болашағына, соның ішінде адам құқықтарын қорғаудың ұлттық тетіктерін нығайтуға және халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған бірлескен бастамаларды дамытуға ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Динара Таженова мен Конуль Гасимова тиімді диалогты жалғастыруға және қолданыстағы әрі болашақ жобалар аясында ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделілігін растады.