2025 жылғы 16 шілдеде «Қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.
Аталған заң аясында Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне 589-1-бап енгізілді. Бұл бап шет мемлекет сұратқан шетел азаматтарына қатысты бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолдану мүмкіндігін көздейді.
Жаңа нормаға сәйкес, прокурордың өтінішхаты бойынша тергеу судьясы іздеуде жүрген тұлғаның өзіне жүктелген міндеттерді орындауын қамтамасыз ету үшін жеткілікті кепіл сомасын айқындай алады.
Бұл шара 12 айға дейінгі мерзімге қамауға алудың орнына қолданылады. Алайда, кепіл бабы аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталған адамдарға қолданылмайды.
Аталған норманың қабылдануы жүйелі сараптамалық және құқық қорғау қызметінің нәтижесі болып табылады және мемлекеттік органдармен конструктивті өзара іс-қимылдың үлгісі ретінде қарастырылады.
Бұл жаңашылдық қылмыстық процесті ізгілендіру және адам құқықтарын сақтау жолындағы маңызды қадам болып табылады. Ол келесі мақсаттарға ықпал етеді:
адамдарды шамадан тыс қамауда ұстауды азайту;
экстрадициялық рәсімдер шеңберінде шетел азаматтарының бостандықтарының негізсіз шектелуінің алдын алу;
ұлттық заңнаманы адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру.